Бас прокурор: Терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергеліп жатыр

14.03.2022 16:27
ult.kz

Қаңтар оқиғасы қатысты терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтауда. Бірінші –ұйымдастыру және қатысу. Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер бойыныша 44 қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 9 ұйымдастырушы қамауға алынды. Олар тәртіпсіздіктерге, мемлекеттік және коммерциялық нысандарды қиратуға шақырды деген күдікке ілінді. Тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Осы істер бойынша 527 адам күдікті ретінде қаралды. Ал 278 адам қамауға алынды. Екінші – терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергелуде. Барлық айыпталушылар бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Берік Асылов.