Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

14.03.2019 16:27

Оқиға орнына екі елдің шекарашылары келіп, әскерилердің көмегімен жанжал басылған

Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының тұрғындары арасындағы қақтығыс 13 наурыз күні екі ел шекарасында болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Оқиға Кожогарда болған. Қақтығысқа Баткен ауданы Ақсай ауылының және Мехнатабад ауылының тұрғындары қатысқан. Бұған Ақ-Сай – Тамдық айналма жолының салынуы себеп болған.

Ақпарат бойынша, қақтығысқа Тәжікстанның 70 азаматы және қызғызстандық 50 азамат қатысқан. Олар бір-бірін таспен атқан көрінеді.

Оқиға орнына екі елдің шекарашылары келіп, әскерилердің көмегімен жанжал басылған

Дегенмен қызғыстандық тарап Ақ-Сай жолын жауып тастапты, ал тәжікстандықтар өз кезегінде Торт-Кочо жолын жапты.

Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған. Мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталмыш жайтқа байланысты Қырғызстан және Тәжікстанның шекара өкілдерінің кездесуі өткізілді. Тараптар тәжік-қырғыз шекарасындағы ахуалды тұрақтандыру жөнідегі келісімге келді.

Баткендік шекара жасағының жеке құрамы күшейтілген күзет түріне ауысқаны хабарланды.

Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан бір адам жарақатпен Самаркандек ауруханасына жеткізілген.