15 жастағы қызды 20-дағы жігіт әбден қорлап, зорламақ болған. Бұл туралы қыз баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Менің қызымды бір бұзақы зорламақ болды. Жасы 20-да. Қызымды 3 сағат бойы әбден сабаған, қорлаған. Аулаға сүйреп әкеп, зорламақ болған. Қызым әрең дегенде қашып құтылыпты. Қайта бейнебақылау камерасына бәрі жазылып қалған. Полицияға шағым түсірдім. Бірақ әлі таппай жатыр. Құдды жер астына түсіп кеткендей», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары қыздың анасын қолдап, оны қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр.
Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz