Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған
Әділет министрі үш партияның тіркеуге құжат тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған. Өйткені мәліметті дұрыс көрсетпеген:
- Кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмейді.
- Ұйымдастыру тобының тізіміне қайтыс болып кеткен адамдарды кіргізіп жіберген.
- Басқа партиялардың мүшелері бар.
"Егер олар барлық құжатты дұрыстап тапсырса, тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ", - деді Мусин.
Оның айтуынша, аталған заңнамалық талаптар орындалмаған жағдайда ұсынылған құжаттар қайтарылады.
«Бұл өз кезегінде ұйымдастырушылардың жұмысы мен міндеті болып саналады. Яғни олар тізімдерді егжей-тегжейлі тексеріп, кемшіліктерге жол бермеуі керек. Егер олар құжаттарын дұрыс тапсырса, міндетті түрде тіркейміз. Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы тиіс», - деді ол.
Еске сала кетейік, былтыр ҚР Әділет министрлігі «Ел тірегі» бастамашыл тобының неге тіркеуден өте алмай жүргенін түсіндірген еді.