АЭС-тің Қазақстанға пайдасы қандай

13.08.2024 16:32

Атом электр станциясы (АЭС) — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы

instagram.com/aiken_nurpeisov

Атом электр станциясы (АЭС) — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазҰУ түлегі Айкен Нұрпеисовтің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұл аталған отындарды пайдалану кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн есе артық. Бұл дегеніміз, энергияны тиімді пайдалану. Қазіргі таңда Қазақстан - әлемде отын уранын өндіру бойынша (2021 жылы 45%) көшбасшы.

АЭС-тің Қазақстанға пайдасы қандай? Атом энергетикасы атмосфераны ластамайды және біздің планетамыздағы климаттың тез нашарлауына, топырақтың ластануына және мұхиттардың қышқылдығының жоғарылауына әкелетін парниктік газдар шығармайды. АЭС құрылысы экономикалық өсуді және жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді. АЭС салу кезінде 1 жұмыс орны аралас салаларда 10-нан астам жұмыс орны құрылады. Атом энергетикасының дамуы, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің өсуіне және жоғары технологиялық өнімдер экспортының көлеміне ықпал етеді, адам қызметінің көптеген басқа саласын дамытады.

Қорыта айтсақ, АЭС адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады.