Ол 53 жаста еді
Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков өмірден озды. Ол 53 жаста еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев растады.
"Иә, ақпарат рас. Басқа мәліметтер әзірге белгісіз", - деді баспасөз хатшысы.
Талғат Қайнарбеков Сарқан ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. Әр жылдары Талдықорған әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай (Қонаев) әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылғы мамырдан бастап Жетісу облысы Сарқан ауданын басқарған.