Құтқарушылар күнінде Алматы гарнизоны қаза болған өрт сөндірушілерді еске алды

17.10.2020 16:40

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараның бір бөлігі салтанатты сапқа тұрып, мүсіндерге гүл шоқтарын қоюмен аяқталды

baq.kz

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні  мерекесінің 25 жылдығы қарсаңында екі өрт сөндіру бөлімшелерінде қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткіштеріне  салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жсап.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры қаласының өртке қарсы гарнизонында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған құтқарушыларды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

"Бұл күн қандай да бір  апат салдарынан қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесуге асығатын нағыз қаһармандардың мерекесі.  Біздің ержүрек жігіттер  төтенше жағдайға тап болған адамдардың ең соңғы үміті болып табылады", – деп атап өтті ТЖД басшысы.

2020 жылдың басынан бері ТЖ аймағынан 150-ден астам адам эвакуацияланып, ТЖ зардаптарын жою үшін өрт шақыртуларына 400-дей  шығу болды, сонымен қатар, 27 адамның өмірі құтқарылды. Төтенше жағдайларды жою қауіп-қатермен тікелей байланысты және жеке құрам  арасында шығынсыз болмайды. Адамдарды құтқару үшін өз өмірлерін құрбан еткен азаматтық қорғау қызметкерлерінің ерлігі мәңгілік есте қалады. Бұл батырларды тек туыстары, достары, әріптестері ғана емес, өз өмірлерін сақтаған адамдар да еске алады.

Алматы өрт сөндіру қызметі тарихындағы ең үлкен апаттардың бірі  –  1989 жылғы 20 мамырдағы Алма-Ата II темір жол станциясының кірме жолдарында сұйытылған газ және жиһаз бен бояу  тиелген екі тепловоздың соқтығысынан шыққан өрт болып саналады. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары кезінде 9 өрт сөндіруші қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болды. Оларды аты жөндері бойынша еске аламыз:

- Шарипов Фрид Абдуллович,

- Аккулов Кұралхан,

- Сафаргалиев Ильшат Фирдаусович,

- Никуленко Владимир Васильевич,

- Абдранов Ислам Әбенұлы,

- Қасымов Расул Әлімжанұлы,

- Маликов Михаил Иванович,

- Әлімтаев Сеиль Құдашұлы,

- Искаков Еркін Қабжапарұлы.

Бұл күні олар апаттармен батыл шайқасты. Өрт сөндірушілердің дұрыс әрекеттері қалған резервуарлардың сұйытылған газбен жарылуына және тұрғын үйдің барлық аумағына таралуына жол бермеді.

1990 жылы 3 қаңтарда Алматы гарнизонында ішкі қызмет сержантының тағы бір қызметкері Балабек Ахмедов қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болды, ал 2002 жылдың қаңтарында Медеу ауданындағы өртті сөндіру кезінде ішкі қызмет прапорщигі Павел Голядкин қаза тапты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараның бір бөлігі салтанатты сапқа тұрып, мүсіндерге гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.