Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды

14.10.2019 16:40

Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам Оңтүстік Кореяға оралып, кешірім сұраған

tengrinews.kz

Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды, деп xабарлайды tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам Оңтүстік Кореяға оралып, кешірім сұраған. Ер адам Инчxон аэропортында тоқтаған. Бұған дейін 20 жастағы еңбек мигранты жас баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны xабарланған.

Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған. Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған.

Жасөспірімге күрделі ота жасалған.

Ал, күдікті Павлодардан табылған. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея елге заңсыз кірген шетелдіктерге қатысты ережені қатайтуға шешім қабылдаған.

Енді олар елден кететіндігі туралы xабарды 3-15 жұмыс күн бұрын айтуы керек.