Жаңаөзеннен келген бірнеше мұнайшы жауапқа тартылды

Zakon.kz.
Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері заң аясында әрекет еткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзеннен Астанаға келіп ереуілге шыққан азаматтардың бесеуі жауапкершілікке тартылды. Бүгін Мәжіліс отырысына келген Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев 126 адамның ұсталып, кейін босатылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда рұқсат етілмеген шеруге қатысқан мұнай сервистік компаниясының бұрынғы бес қызметкеріне ескерту түрінде жазалау шарасы қолданылыпты.

«Заңсыз жиналыс өткізуге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бар. Сол баптың 6-бөлігіне сәйкес, жауапкершілік көзделген. Ескерту, айыппұл және қамау. Біз ескерту шарасын ұсындық және олар соны қабылдап, ескерту шарасына жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқанын растады. Қазір аталған елдің құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатыр екен. Прокурор іздеу шаралары құпия түрде жүргізілгендіктен артық ақпарат айта алмады.

«Білесіздер іздеуде жүрген адам тығылуға тырысады ғой. Қай мемлекетпен қалай жұмыс істеп жатқанымыз тек бізге, сізге ғана емес, ол кісінің өзіне және жақтастарына мәлім. Біздің іздестіру амалдарымызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол үшін бүкіл себебін айта алмаймын», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оқи отырыңыздар: Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты


Новости партнеров