Салтанатты шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысты
Алматыдағы "Алтын Орда" базары ауданындағы "Алматы-Райымбек" учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада бойынша қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысты.
Фото МИИР РК.
Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, "таға" үлгісіндегі бұрылу эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Сонымен қатар, транзиттік, қоғамдық және жергілікті көліктер үшін 4 шақырымдық 10 жолақты жол салынды.
Фото МИИР РК.
Айта кетейік, жол жасауға 200-ден аса жұмысшы мен 50 техника тартылғаны белгілі.
"Қозғалыстың ашылуы "Алтын Орда", "Барлық" ірі базарлары мен "Молл Апорт" сауда және ойын-сауық орталығының орналасқан жерін ескере отырып, осы учаскедегі өткізу қабілетін, халық үшін ыңғайлықты арттыру және азаматтардың бизнесін жүргізу үшін инфрақұрылым проблемаларын шешуде оң әсер бермек", – делінген хабарламада.
Фото МИИР РК.