Алайда бұл анықтама Ресеймен шекаралас ауыл тұрғындарынан сұралады
Елімізде мекенжай анықтамасын талап етуді жою барлық қазақстандықтарға қатысты емес. Тұрғылықты мекенжай туралы анықтама Ресеймен шекаралас ауылдарда тұратындарға қажет. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық келісім нормасында көрсетілген. Оларға анықтаманы ондағы ауыл округтерінің әкімдері беретін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған ауылдардың тұрғындары egov.kz порталынан мекен-жай анықтамасын өздері де ала алады. Сонымен қатар, мекенжай анықтамасынан бөлек, елімізде тағы 28 анықтаманы жою жоспарда тұр. Олардың ішінде – мүліктің бар-жоғы жөніндегі анықтама, психо, нарко, туберкулезге қарсы диспансерлерлерден алынатын және жұмыссыз ретінде тіркелген анықтамалар бар. Бұл құжаттар Әділет министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің назарына ұсынылып қойды. Аталған қызметтерді реестрден алып тастау мәселесі ведоствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі.
Естеріңізге салайық, елімізде мекенжай анықтамасын талап ету бүгіннен бастап жойылды.