«Алматы» телеарнасының басшысы қызметіне келген Болат Кальянбеков бұған дейін Жоғарғы соттың баспасөз қызметін атқарған
Бүгін «Алматы» телеарнасының ұжымы жаңа басшымен танысты. Бұл қызметке дейін Болат Серікұлы Жоғарғы соттың баспасөз қызметін басқарған.
Болат Кальянбеков 1979 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану-Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Көп жылдар бойы Мәдениет және ақпарат министрлігінде бөлім бастығы, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болды. Қарағанды қаласындағы Ішкі саясат департаменті және Ақпарат басқармасында қызмет атқарды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде жастар саясаты мәселелерімен де айналысты.
Бұған дейін «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған Әлібек Үсенұлы басқа қызметке ауысты.
«Алматы» телеарнасы 1999 жылы 14 сәуірде құрылды.
2016 жылы телеарна республикалық телеарналар тізіміне енді. Рейтинг бойынша «Алматы» телеарнасы алғашқы ондыққа кірді.