Желіде иіле үш рет сәлем салған ер-азамат жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрда көліктен түскен ер-азаматтың қалыңдығын алып кетуге келгендігін көруге болады. Абдырап қалған жігіт қалай сәлем берерін білмей үш рет иіліп сәлем салған.
Бұл видео әлеуметтік желіде лезде тарап, халықтың екі тарапқа бөлінуіне әкеп соқтырды. Бірі бұндай ырым бар десе, енді бірі бұл не мазақ деп жатты.
"Бұндай салт бізде болмаған", "Еркекке сәлем салдырып қойғаны масқара", "Біздің қазақта мұндай сәлем салу болмаған", "Қызы жігітті алып қашқан шығар", "Басына орамал сала салмадыңыздар ма?", "Жанында тұрған әйелдер мазақтап тұр", - деп жазды олар.