Биыл ішкі нарыққа ұн көлемі жете ме

sovet-directorov-volgograda.ru
sovet-directorov-volgograda.ru
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тиісті шара қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

 - Елдің бірқатар астықты өңіріндегі ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қазір бұл мәселе өзекті болып тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна арзан бағада дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар қаржы институттары айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздардың мерзімін ұзартуды жүзеге асырмақ, - деді ҚР Премьер-министрі орынбасары Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қорлары негізінде тұқым қоры қалыптасады.

 - Агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл шара ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді. Өңірлік деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін тиісті жұмыс атқарылып отыр. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және «параллельді импорт» әкелуді болдырмау мақсатында 2024 жылдың 11 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше және басқа да үшінші елдерден Қазақстан аумағына теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, биыл жиналатын астықтың көлемі елімізді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда былтырдан бері 8,5 млн гектардан астам жер үкіметке қайтарылды

Новости партнеров