Бірден үш қатысушы «Қазақстан аруы-2021» атағына ие болды
Қазылар алқасы қиын таңдауға тап болды. 15 арудың ішінен тек біреуін ғана таңдау қиынға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан аруы» халықаралық байқауының 25 жылдығына орай ерекше шешім қабылданды. Байқаудың ресми сайтында өткен жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша, бірден үш қатысушы «Қазақстан аруы-2021» атағына ие болды.
Олар Қазақстанның атынан халықаралық сұлулық байқауларында өнер көрсетеді.
Сонымен «Жаһан ару» байқауында еліміздің намысын Анна Глубоковская қорғайды. Айдана Ахантаева «Әлем аруына» барады. Назерке Қарманова «Әлем аруы» атағына таласады.
«Қазақстан аруы-2021» байқауының жеңімпаздарын Мадина Батық пен атақты скрипкашы Марат Бисенғалиев марапаттап, тәж кигізді.