Құрылтайға қатысқан Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға берді
Еліміздің бас мүфтиі болып Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды. Оның кандидатурасы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құрылтайға жиналған 300 делегат бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, еліміздің жаңа бас мүфтиін сайлады. Шараға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға беріп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Айта кету керек, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтой аясында атқарылатын шаруалар шашетектен деді бас мүфти.
«Сол отыз жылдықты атап өту үшін бір жақсылықпен, халқымызға бір қызмет жасасақ деген ниете 30 игі шараны қолға алып жатырмыз. Бірнеше шаралар, мысалы оладың бірі айтатын болсақ, мұқтаж елдімекендерге көпірлер соғып беру жолдарға үлес қосу, мынау студент балалардың қаражатын көтеру сынды осындай игі шараларды бірігіп, бүкіл мешіттерде имамдар, халықты соған шақырып, бірге жұмылып, осындай жақсы-жақсы шаралар Алла қаласа, өткізуді бүгін құрылтайымызда пысықтадық», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы ӨТПЕНОВ.
Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болған.