Азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Түркістанда терроризм мен діни экстремизді насихаттап жүрген жергілікті тұрғын ұсталды. 39 жастағы азамат өз отбасын Сирияға көшіп, Қазақстанда тыйым салынған ұйымға мүше болуды үгіттеп келген, деп хабарлайды Stan.kz.
ДАИШ тобының мүшесі 39 жастағы ер азамат велосипедпен жайбарақат келе жатқанында ұсталған.
4 баланың әкесі ұлттық қауіпсіздік комитетінің көзіне жазда түскен. Ол сол уақытта жергілікті мешітке келіп алып, имамдармен жанжалдасқан. Ер азамат дін жолындағы адамдар дұрыс емес көзқарасты насихаттап жүргенін, алдағы уақытта басқа дінге сенушілермен соғыс басталатындығын айтқан. Бұған қоса ол шетелдегі жаугерлерді мақтан тұтып, Сирия еліне қоныс аударуға дайындалып, үйін сатуға да қойып үлгерген.
Қазіргі таңда тұсталған азамат қамауға алынды. Жат елге көшейін деген ер адам өз кінәсін жартылай мойындады.
Алдағы уақытта азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жат діни ағымының мүшесі болған жігіттің отбасымен теолог мамандар жұмыс атқаруда.