Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына бара жатқан 23 сиырды тиеген ауыр жүк тасығыш көлік аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.
"21 тамызда кешке Қостанай - Мамлютка автожолының 26 шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға аударылды", - делінген хабарламада.
Жүк арбада 23 сиыр болған, ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.
"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды", - деп нақтылады полиция.
Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында елікті атып өлтіргендер сотталды