Оған адам зорлау дерегі бойынша айып тағылған
Алайда ол алысқа ұзай алмаған. Елорданың полиция департаментінің мәліметінше, күдікті кеше кешкі 22:40-та құрықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ол Нұр-Сұлтандағы денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емдеу орталығынан түсте қашып кеткен болатын. Ер адамға қылмыстық кодекстің 120-бабы, яғни зорлау дерегі бойынша айып тағылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қаладан шығатын аумақта іздестіру шараларын жүргізу барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.