1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады
Мамыр айында 3 бірдей мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні.
1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады. 7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады.