Мақсаты — әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік будка мен турполицияның жұмысын тексеру
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы халықаралық әуежайында коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша аймақтық штабтың көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсаты — әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік будка мен турполицияның жұмысын тексеру.
Санитарлық-гигиеналық режимді күшейту және коронавирусты инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, «№4 Қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК-ның шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дайындығы, 3h (триаж) жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесінің жұмысы, сондай-ақ коронавирусты инфекцияға күдікті адамдарды анықтау жағдайына ден қою шаралары тексерілді.