Қазақстанда алюминий экспорты 5 есеге жуық өсті

elements.envato.com
elements.envato.com
Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе ұлғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе (5,5-тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан — 10,5 есе (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) ұлғайды.

Сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша сияқты елдерге жеткізу географиясын кеңейтіп, сол арқылы осындай көрсеткішке қол жетті.

Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі — «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ (Павлодар).

Оқи отырыңыз: Қазақстандық фильм Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді

Новости партнеров