Салығын төлемегендерге айыппұл салынады деген ақпарды мемлекеттік кіріс комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы тараған мәліметте 1 қазанға дейін салығыңызды төлемесеңіз, 8-айлық есептік көрсеткіш немесе 20 мың теңге төлейсіз делінген. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілердің хабарлауынша, салық кодексінде кешіктірілген жағдайда ешқандай айыппұл салу көрсетілмеген. Десе де, жылжымайтын мүлік үшін салықты осы жылдың 1 қазанына дейін, ал, автокөлік үшін биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу керек дейді мамандар.