ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі тағайындалды

22.06.2020 17:21

Серік Оспанов индустриалды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады

lada.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Оспанов Серік Жәмекұлы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі болып тағайындалды», – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымдағыдепутаты болған.

Серік Оспанов индустриалды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.