Тоқаев азаптауға қатысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынды

16.03.2022 17:22
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаптауларға қатысты қылмыстарды тергеп-тексеру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаптауларға байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруге жүйелі тәсілдеме керек. Қазіргі уақытта бұл бағытқа жауап беретін нақты бір орган жоқ. Бұл тәжірибе белгілі бір сын-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл функцияларды Бас прокуратураға міндеттеуді ұсынамын. Бұл тәсіл тергеудегі ашықтық пен бейтараптықты қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы бассыздық үшін жазаның бар екенін көрсетеді», - деді Қ. Тоқаев.

Теги: жолдау