Құжат жобасы осы жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылауда болады
ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердегі физикалық дайындығы жөніндегі нормативтерге өзгертулер әзірледі. Өзгертулер жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында орналастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналар:
1) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл мәселе қарастырылмаған;
2) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;
3) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұған дейін кейбір жаттығулар қарастырылмаған;
4) Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жасауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге - бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1 және 5 жас тобындағы әскери қызметші ерлерге – жекпе-жек бастапқы, арнаулы және 8 есепке орындалатын жекпе-жек кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;
5) Кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды - бұған кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.
Құжат жобасы осы жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.