Ал, Ақтау мен Атырауда пәтер бағасы арзандаған
Баспана бағасының өсуі алдымен Павлодарда байқалды. Онда бірден 3,5 пайызға шарықтаған. Аталған қалада үйдің бір шаршы метрі 185 мың теңгеден сатылп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Екінші орында – Талдықорған қаласы. Онда бүгінде пәтердің шаршы метрі шамамен 190 мың теңге. Үштікті Өскемен түйіндеген. Онда үй бағасы 2,3 пайызға өскен. Айта кетейік, көрсетілген сандар пәтерлердің орташа құны.
Ал, баспаналардың құны арзандаған өңірлерге келсек. Олардың саны небәрі екеу. Олар – Ақтау мен Атырау. Ол жақта пәтердің шаршы метрі 200 мың мен 250 мың теңге шамасында. Ақпараттар Крыша.кз сайтынан алынды.