18 жасымда тұрмысқа шықтым. Аллаға шүкір, 1 ұлым бар. Қазір 20 жастамын. Айтайын дегенім, соңғы кездері басым катып жүр. Куйеуімді қатты жақсы көремін. Бірақ ажырасқым келеді. Неге десеңіз, кейінгі кездері оның маған деген қарым-қатынасы қатты өзгеріп кетті.
Ол өзі әскери қызметте, жұмысы ауыр. Мен соны түсініп, қашанда үйге келгенде күлімдеп қарсы алып, тамағын дайындап отырамын. Өзім оқуымды осы жылы бітірдім, әншімін.
Соңғы кездері куйеуім көп ішетін болды, достарымен кетіп қалады. Соған қарамастан, мен үйде отырамын, оның айтқанынан шықпаймын. Жүрегім бір нәрсені сездіртеді, біреуі бар сияқты. Өйткені, маған қол көтере бастады, өзінің туған інісі бәрін көрді. Ол мені інісінен беталды кызғанып ұрады. Ақша табады, бірақ тапқан табысының бәрі несиеге кетеді немесе анасына береді.
Енді айтарым, өзім оны өзгерте алам ба, не болмаса кетіп қалайын ба? Сенсеңіздер, қатты шаршадым. Рас, жұрттың бәрі ажырасқанда әйелді кінәлайды. Бірақ айел адамның үйде отырғаны жазығы ма?! Анам "қайтып кел" дейді, "әлі жассың, жұмыс істе" деп ақыл айтады.
Күйеуім анамды да жақтырмайды, менімен өте дөрекі сөйлеседі. Қайтсем екен?
Дереккөзі: «Алаш айнасы»