Шымкентте көпбалалы отбасыларға жылына бір рет 100 мың теңгеден беріледі

15.02.2019 17:26

Жекеменшік үйлерге газ тарағанда дабыл беретін арнайы 1000 құрал әкімдік тарапынан орнатылмақ

aqmeshit-zhastary.kz

Шымкентте көпбалалы аналар үшін арнайы орталық ашылып, жылына бір рет 100 мың теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкентте көпбалалы аналар үшін арнайы орталық ашылады. Онда аналар әкімдіктің барлық қызметіне қол жеткізе алады. Сонымен қатар, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жылына бір рет берілетін көмек көлемі 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін артып, бұл қаржы келесі оқу жылына дайындық үшін тамыз айында беріледі», - деді қала әкімі.

Бұған қоса жекеменшік үйлерге газ тарағанда дабыл беретін арнайы 1000 құрал әкімдік тарапынан орнатылмақ.

Айта кетейік, Шымкентте 2200 алтын алқа иегері, 6600 күміс алқа иегері, 511 Батыр ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі орденмен марапатталған және 3200 көпбалалы ана бар.