Жол-патрульдік полиция машинасының муляжы жасалды

02.10.2019 17:31

Негізгі мақсат – жол ережесін сақтау мен апаттың санын азайту

Қазақстан жолдарында жол-патрульдік полиция машинасының муляжы жасалды. Көліктің көшірмесін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бес полиция көлігінің макеті Алматы облысы мен Жамбыл облысындағы күре жолдардың бойына көлік апаты жиі орын алатын аумақтарға қойылған. Мұндай көшірмелерді «Қазавтожол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар тас жолдардың барлығына орнатпақ. Негізгі мақсат – жол ережесін сақтау мен апаттың санын азайту.

Айта кетейік, бұған дейін жол шетінде тұрған баланың муляжы қойылған еді.