Тұңғыш Президент үнемі спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап келеді
Спорт күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис ойыны кезінде түскен мұрағаттағы суретін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді», – деп жазды Елбасының баспасөз қызметі Instagram парақшасында.
Еске салсақ, бүгін қазақстандықтар Спорт күнін атап өтуде.