Алматыда екі бірдей жеңіл көлік соққан әйел қайтыс болды

20.09.2019 17:33

Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болыпты

Куәгерлердің сөзінше, жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден көлденеңінен кесіп өтпек болыпты. Сол сәтте оны Кia маркалы темір тұлпар қаққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Соққының қатты болғаны соншалықты, ол көшенің келесі бетіндегі көліктің астына тағы түскен. Оқиға орнында алған жарақаттардың ауырлығынан науқас жедел-жәрдем келгенше жан тәсілім еткен. Аталған іспен қазір полиция айналысып жатыр.