Талдықорғанда «Статус» ойын-сауық кешінің иелері көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазды stan.kz.
Бұған дейін 8 баласы бар отбасының «Уйтас» саяжай бірлестігінде тұрғаны мәлім болған еді.
«Статус» ойын-сауық кешінің иелері арнайы салтанатпен пәтер кілтін көпбалалы ана Иринаға табыстады.
«Ирина, сіз үлкен марапатқа лайықсыз. Сегіз баланың анасы, «Алтын алқа» иегерісіз. Балаларыңыз да керемет. Сіздермен бір апта бұрын ғана таныссақ та, жақсы адамдар екендеріңізді танып-білдік. Сондықтан сіздерге «Статус» кешені атынан 3-бөлмелі үй сыйға тартамыз», - деді кешен иелері.
Ирина бұл сәтте көз жасына ие бола алмады. Қуаныштан қатты толқып, алғысын айтты. Ол соңғы сәтке дейін баспаналы болатынын білмеген.
Облыстық кәсіпкерлер ұлттық палатасы өкілі Иринамен болашақта бірлесіп жұмыс істеп, бизнес жолдарын үйрететіндерін айтты.
Ұйымдастырушылар көпалалы отбасын жаңа үйіне әкелді. Жаңа қоныстың көршілері шашу шашып, отбасын қошеметпен қарсы алды.