Дәрігер ең зиянды жаңғақты атады

29.11.2021 17:38

Панченконың сөзінше, жержаңғақ бірнеше факторларға байланысты ең зиянды жаңғақ болып саналады

kk.drafare.com

Ресейлік диетолог Светлана Панченко адам денсаулығына кері әсер ететін жаңғақ түрін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап

Панченконың сөзінше, жержаңғақ бірнеше факторларға байланысты ең зиянды жаңғақ болып саналады. 

"Расында да жержаңғақты ең зиянды жаңғақ деп атауға болады. Оны жаңғақтар қатарына қосу да қате, өйткені ол бұршақ тұқымдасына жатады және жерде өседі. Жержаңғақ - ең күшті аллергендердің бірі. Себебі ол жерде өсетіндіктен, адам денсаулығына теріс ықпал етуі мүмкін зең саңырауқұлақтарының әсеріне жиі ұшырайды", – дейді Светлана Панченко. 

Одан бөлек, диетологтың айтуынша, жаңғақтың құрамындағы фитин қышқылы тағамдағы микроэлементтердің сіңуіне кедергі келтіреді. 

"Кез келген жаңғақтар мен жержаңғақтардың құрамында фитин қышқылы бар, ол тағамдағы темір сияқты бірқатар микроэлементтің сіңуіне кедергі келтіреді. Сондықтан шикі жаңғақтарды жемес бұрын бірнеше сағат бойы суға салып, содан кейін кептіріп алған дұрыс", – дейді Светлана Панченко. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік диетолог Александра Лапина цитрустарға аллергиясы бар адамдарға, сонымен бірге, бүйрек, асқазан-ішек жолдарында проблемасы бар азаматтарға лимон жемеуге кеңес берген еді.

Теги: дәрігер