Кино, фитнес, йога, IT-курс, психологтар сабағы – Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қалай ашылды

30.09.2021 17:39

Көбісі өнерді — би мен вокалды, сонымен қатар аспаздық және мотивациялық курстарды жақсы көреді

NUR.KZ

Алматыда екі жыл бұрын белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары құрылды. Бұл зейнеткерлердің денсаулығын сақтау мен бос уақытын ұйымдастырумен кәсіби түрде айналысатын орындар. Қалалық мәслихаттың депутаты, екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Әсия Мақанова зейнеткерлерді уақытпен бірге жүруге, физикалық және психологиялық тұрғыдан қолдауға қалай үйрететінін айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде Ә. Ақанова Алмалы және Әуезов аудандарындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын басқарып отырғанын айтты.

«Біздің орталықтарда зейнеткерлер өздеріне ұнайтын кәсіпті тауып қана қоймай, жаңа достар таба алады. Біздің әр орталыққа 300-ге жуық адам келеді, зейнеткерлер фитнес, йогамен айналысады, шахмат, дойбы ойнап уақыт өткізеді, скандинавиялық жүріспен айналысады, оларға медициналық пункт қызметі көрсетіледі. Қалауы бойынша смартфонды, әлеуметтік желілерді, қажетті DamuMed, eGov қосымшаларын және компьютерді меңгеруге, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілі курстарынан өтуге болады»,– деді Ә. Ақанова.

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы сабақтар емдік дене шынықтырудан бастап психологиялық кеңес беруге дейін әр түрлі. Көбісі өнерді — би мен вокалды, сонымен қатар аспаздық және мотивациялық курстарды жақсы көреді.

Ә. Ақанова 2018 жылдан бастап орталықтарға 5 мыңнан астам зейнеткер келгенін атап өтті. Олардың психологиялық жағдайы едәуір жақсарды, олар көпшіл бола бастады, денсаулығында белгілі бір нәтижелер байқалды, өйткені мамандар аурудың алдын алуға ерекше назар аударады.

Алматыда барлығы 9 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді, олардың жұмысы туралы толық ақпаратты колл-орталықтың 1308 нөмірі арқылы білуге болады.