Бойжеткендердің есімі анықталып, бұзақылық бабымен іс қозғалған
Қарағандыда қыздардың төбелесі әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнекадрда бірнеше қыз бір-бірінің шашын жұлып, тепкілеп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ оларды ер адам мен келіншектің ажыратпақ болған әрекетін байқауға болады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша жаға жыртысқан бойжеткендердің есімі анықталып, бұзақылық бабымен іс қозғалған. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.