Олар тайғақ жолды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген
Қазақстандық жүргізушілер елдегі тас жолдармен қыста жүру мүмкін емес деп дабыл қағуда. Олардың сөзінше, бетон көшелер тегіс болғанымен қар мен жауын жауғанда, боран соққанда олар дұрыс тазаланбайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Салдарынан кептеліс пен түрлі жол көлік оқиғалары орын алуда. Жүргізушілер тақтайдай тегіс тайғақ жолды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Тіпті айтар уәждері де бар көрінеді.
Мына видео авторының сөзінше, қыстың күні мұндай жолдарда апат көп болады. Тіпті 5 жүк көлігі мен 6 жеңіл темір тұлпардың соқтығысып қалғанын өз көзімен көрген. Еске салайын, «Қазавтожол» ұлттық компания ақпаратына сай, Қазақстанда 1 500 шақырымнан астам жол бетоннан жасалған. Оның басты артықшылығы – ұзақ мерзім қызмет етуінде. Алайда, тазаланбайтын ақылы трасса талай адамның өмірін жалмап та жатқаны белгілі.