Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілуі мүмкін

15.04.2022 17:47

Қоғамдық талқылау 29 сәуірге дейін жалғасады

Қазақпарат

«Қостанай» халықаралық әуежайына» Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілмек. Осыған қатысты Ашық үкімет НҚА порталында Үкіметтің қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», - делінген құжат жобасында. 

Қоғамдық талқылау 29 сәуірге дейін жалғасады.