Соңғы техникалық мүмкіндіктерге байланысты бір кітапты латын қарпіне санаулы минуттарда ауыстыруға болады
Латын қарпіне көшсек, кей туындылар аударылмай қалуы мүмкін деген авторлардың қорқынышы бекер. Тіл мамандары оларды осылай сабырға шақыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айтуларынша, соңғы техникалық мүмкіндіктерге байланысты бір кітапты санаулы минуттарда латын қарпіне ауыстыруға болады. Бүгін Алматыда латын графикасының емлелік құрылымы мен мазмұны кеңінен талқыланды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен баспа қызметкерлерінің басын қосқан жиында жаңа графиканың инновациялық шешімдері де қарастырылды.
«ҚазЛатын» үлкен порталы бар. Сол портал арқылы сіз қажетті мәтініңізді тересіз немесе кітапты салуға болады. Салыстырмалы түрде айтсақ, «Абай жолы» роман-эпопеясын бірнеше минутта аудара алады. 100 бағдарламашы, IT мамандары бір апта күніне 8 сағаттан жұмыс істейтін болса, онда Күлтегін, Орхон Енисей жазбаларынан бастап, бүгінгі әдебиеттің бәрі, бір аптаның ішінде латынға аударып шығуға болады», – деді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол ТІЛЕШОВ.