Мәскеуде өрттен зардап шеккен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, қазір комада жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі көмірқышқыл газынан уланған. Сонымен қатар әншінің денесі бірнеше жерінен күйген: бетінің 20 пайызы, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде басы, кеудесі және жамбасы күйген. Қазір әнші жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Оқиға Мәскеуде бейсенбі, 18 қарашада кешке болған. Құтқарушыларды бірінші болып әншінің қызы шақырғаны хабарланды. Пәтерден бес адам құтқарылды. Тек Хлебникова ауыр зардап шеккен.
Айта кетейік, бұған дейін Мәскеудегі Ратная көшесіндегі үйдің төртінші қабатында 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, онда Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова зардап шеккені хабарланған болатын. Өрттің шығу себебі темекіден деген болжам бар.