Қазір Алматыда нақты жұмыс күші 986 мың адамды құрайды
Нарыққа қажет мамандар дайындалуы қажет. Алматыға арнайы іс-сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осындай пікірде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Айтуынша, қысқа мерзімді оқыту бағдарламасынан өткен азаматтар, кейін жұмысқа орналаса алмаса, оларды оқытып қажеті жоқ. Яғни жұмыс берушіге таңдау беріледі. Ал жас маман тәжірибе жинақтау үшін мемлекет тарапынан айлық алады, жұмыс беруші болса, штаттан тыс қосымша жұмыс күшіне ие болады.
Енді жұмыс берушіге таңдау беріледі. Ал жас маман тәжірибе жинақтау үшін мемлекет тарапынан айлық алады, жұмыс беруші болса, штаттан тыс қосымша жұмыс күшіне ие болады. Еңбек туралы заңға жаңа тағайындалған министр келер жылы өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Яғни белгілі маман иесі оқуды бітірген соң бірден жұмысқа орналасады.
«Келесі жылдан бастап біз өзгеріс енгіземіз. Жұмыспен қамту орталығы балаларды жұмыс берушінің сұранымымен оқытуы керек. Себебі біздің индикатор 100 пайыз оқыған адам өзіне жұмыс табуы керек. Егер ондай болмаса, біздің бағдарламаға да, жұмысымызға да халықтың тарапынан сенім болмайды. Ол екінші жағынан бюджеттік қаражатты да тиімді пайдалануға қажет. Сондықтан осындай тапсырма бердім. Еңбек бағдарламасына өзгерістер енеді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.
Министр атаулы әлеуметтік көмекке байланысты да өз пікірін білдірді. Бармақ басты көз қыстылыққа салынбай, шын мұқтаждарға үлестірілу керек дейді.
«Атаулы әлеуметтік көмектің төңірегіндегі әңгімені естіп жатырсыздар. Өкінішке орай кейбір кісілер, енді мен қатты сөйлеуден аулақпын. Бірақ білместіктен, қателесіп жатады. Қазақтың пендешілікке салып, мемлекет ақыры беріп жатыр, ала салмаймыз ба деп. Сондықтан оған заңдағы тәртіп бар. Мына қыздарымыз-мамандар мұның бәрін тексеру керек. Орталық ақпараттық құралдар арқылы, біздің деректер қоры арқылы, учаскелік комиссия бар. Сөйтіп ең мұқтаж адам алу керек атаулы әлеуметтік көмекті», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.
Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысқан ведомоства басшысы алдымен мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына назар аударды. Қазір шаһарда аталмыш бағдарлама бойынша 7 мыңнан астам жұмыс беруші 55 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынған. Орталыққа жүгінген 11 мың жұмыс іздеушінің 8 мыңға жуығы тұрақты қызметке орналасқан. Айта кетейік, қазір Алматыдағы нақты жұмыс күші 986 мың адамды құрап отыр.
Азамат әуезхан, Арсен сандыбаев, «Алматы» телеарнасы