Әкенің баласы алдындағы берешегі 2 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл 4 жылда жиналған қарыз, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Алимент төлеуден жалтарып жүрген Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 36 жастағы тұрғыны сот арқылы жауапқа тартылды. Борышкер 2 тәулікке қамалған. Іс материалдарына сәйкес, алимент өндіру туралы арыз 2016 жылы жазылған.
Борышкерге бірнеше рет ескерту жасалғанымен, көмек көрсетпегені айтылады. Соның салдарынан қарыз мөлшері 1 760 579 теңгеге жеткен. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.