Сонымен қатар вице-министр Қазақстанда кез келген электр станциясын салуға қойылатын талап экологиялық заңнамаға сәйкес күшейтілгенін айтты
Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев атом электр станциясы экология тұрғысынан барынша тиімді екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бұл даусыз дерек. Электр энергиясын өндіретін кез-келген басқа объект қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Көмір станциялары атмосфераға ластаушы заттардың көп мөлшерін шығарады, гидроэлектростанцияларда үлкен аумақта су басуы мүмкін, тіпті жаңартылатын энергия көздері шу әсерін тудырады және флора мен фаунаға кері әсерін тигізеді. Электр энергиясын алудың барлық тәсілінің ішінен экологиялық таза және қауіпсізін таңдау қажет", - деді спикер
Сонымен қатар вице-министр Қазақстанда кез келген электр станциясын салуға қойылатын талап экологиялық заңнамаға сәйкес күшейтілгенін еске салды.
"Егер референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда барлық кейінгі әрекет міндетті түрде жалпы халықтың қатысуымен экологиялық сараптама объективінен өтеді", - деп толықтырды Жомарт Әлиев.