Шекарадан заңсыз өтпек болған 10 адам ұсталды

27.01.2020 18:07

Қазіргі уақытта екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Астрахань шекарашылары Қазақстанның жүк көлігіне тығылып, шекарадан заңсыз өтпек болған 10 азаматты ұстады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Караөзек» бекетінің мамандары машинада жасырынған 7 ер мен 3 әйел адамды анықтаған. Қазіргі уақытта екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Көліктің жүргізушісі де жауапқа тартылатын болады. Хабарламада ұсталғандардың қай елдің азаматтары екені айтылмаған. Белгілі болғаны, олар ТМД кеңістігінің тумалары. Енді қылмыстық жауапкершіліктен бөлек оларға  бірнеше жыл Ресей аумағына кіруге тыйым салынады.