Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10 жарым жылға сотталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы банкирдің өліміне кінәлі деп танылған Мұратхан Тоқмәди «Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» ток-шоуында Мұхтар Әблязовтың қалай Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тоқмәди қазір жазасын өтеп жатқан колониядан байланысқа шыққан. Оның айтуынша, Әблязов оның отбасына қауіп төндірген. Тоқмәдиді және оның отбасын қаматамын, өлтіремін деп қорқытқан. Оның банк алдындағы 4 миллион қарызын айтып, тапсырма орындалатын болса барлық қарызың өтеледі деген деді.

Естеріңізге салсақ, Тоқмәди «Банк Тұран Әлем» экс-басшысы Тәтішевті өлтіргенін мойындап, оны өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс берді деген болатын. 2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10 жарым жылға сотталған.

Новости партнеров