Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фэйсбук парақшасында мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орын алған әуе апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фэйсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, таңертең болған әуе апатынан қаза болғандардың отбасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави және Қытай Халық республикасының Сыртқы Істер министрлігі еліміздегі қайғылы оқиғадан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.