Қаңтар оқиғасы кезінде 2 800-ден астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланды

14.03.2022 18:23
kazinform.kz

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қаңтар оқиғасы кезінде 2 800-ден астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Оның айтуынша, бүлікшілердің әрекеттері нақты тәртіппен ұйымдастырылған.

«Шұғыл түрде азаматтар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында жаппай тәртіпсіздікті тоқтату қажет болды. Тек осы сағаттан бастап полиция қызметкерлері адамның өміріне қауіп төндірмейтін арнайы құралдармен жабдықталды. Алайда, бүлікшілер бұнымен тоқтаған жоқ. Олар қару-жарақ дүкендеріне, полиция бөлімдеріне, басқа да мемлекеттік органдарға шабуыл жасады. 2 800-ден астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланды»,- деді министр.