Алаштанудың алыбы Тұрсын Жұртбай 70 жасқа толады

15.10.2021 18:25

Т. Жұртбай Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды

astana-akshamy.kz

Бүгін Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист, қоғам қайраткері Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 70 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы 1951 жылы Семей облысы Абай ауданы Шаған ауылында туған.

1974-1990 жылдары «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді. 1990-1998 жылдары М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, директор. 1998- 2001 жылдары докторант, ҚазҰУ-да оқытушы. 2001 жылдан «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

«Жүрегімде жұмыр жер» өлеңдер мен поэмалар, «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер - бесік» роман-новелласы, «Бейуақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе», «Талқы» роман-эсселері, «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Күйесің жүрек... сүйесің!», «Бесігіңді аяла!...» кітаптары жарық көрді.

Т. Жұртбай Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды. Ол «Алаш ақиықтары» жинағын құрастырып, Алаш қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырды. Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.