Мекеме қашықтан қосымша қызмет көрсету мүмкіндіктерін енгізді
«Алматы Су» МКК карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу мақсатында қосымша қызмет көрсету мүмкіндіктерін енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Қазақстанда төтенше жағдай және Алматы қаласында карантин режимінің енгізілуіне байланысты тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мен суды бұру қызметтері үздіксіз жұмыс істей бермек, сондай-ақ апаттық жағдайдың алдын алу қызметтерінің жұмысы күшейтілді.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі орталығында өткен брифингте «Алматы Су» МКК-нің коммерциялық директоры Айдын Сайлаубай төтенше жағдай кезінде жоспарланған суық суды өшіру жұмыстары, дебиторлық берешектерге қатысты суды өшіру жұмыстары жүргізілмейтінін атап өтті.
«Карантин уақытында қаржылық қиындықтар туындаған тұрғындарға «Алматы Су» мекемесі дебиторлық қарыздарын жыл соңына дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Ол үшін мекеменің ресми сайтына өтінім хат қалдыруы керек», - деді Айдын Сайлаубай.
Тағы бір айта кетерлігі, халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында мекеме басшыларының жеке қабылдауы мен тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Бақылаушылар есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін алу үшін тұтынушыларға баруды уақытша тоқтатты.
Ал мекеме қызметтері үшін қашықтан қызмет ететін екінші дәрежелі банктердің онлайн қызметтері немесе «Каспий банк», «Касса 24», «Теңге» терминалдары арқылы төлем жасауға болады.
«Алматы Су» МКК тұтынушылары сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қатысты барлық мәселелер бойынша төменде көрсетілген қашықтықтан қызмет көрсету жүйелеріне хабарласуына болады:
- Call-орталығы: - 3-777-444;
- хат-хабарларды қабылдау - almatysu@mail.ru;
- шарт жасасу бөлімі: 227-60-82, 227-60-63;
- көп пәтерлі сектор бойынша: 227-60-47;
- жеке сектор бойынша: 227-60-81, 227-60-80;
- заңды тұлғалар секторы: 227-60-67, 227-60-69;
- апаттық диспетчерлік қызметі -274-66-66
- төлемдерді төлеу бөлімі - 227-60-77, 227-60-79;
- есепке алу құралдары бойынша: 227-60-84, 227-60-67;
- қосымша байланыс нөмірлері – 234-32-93, 234-32-92, 381-19-33, 376-83-50, 398-89-26, 398-89-33.