Ведомство Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.
Аталған ведомство Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.
Сондай-ақ ҚР Президентінің кейбір актілеріне Қарулы күштердің бас қолбасшылары мен қолбасшыларын тағайындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.